Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары карантинге қарамастан жалғасуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбедегі жолдарды жөндеу карантинге қарамастан жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жол жөндеу

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен қала әкімі Асхат Шахаровпен бірге көп қабатты карантинге ұшыраған ғимараттарда қабылданған карантиндік шаралардың сақталу жағдайымен танысты.

Бұдан кейін аймақ басшысы қала көшелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, карантинге қарамастан, облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер жүріп жатыр, 20 сәуірден кейін жолдарды ауқымды жөндеу басталады. Осыған байланысты Оңдасын Оразалин Асхат Шахаровқа осы шұғыл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

stan.kz