Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Қысқа сілтеме алу
Сапар барысында Оңтүстік Корея президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
©
Foto : МИД РК
Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр.
©
Foto : МИД РК
Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Қазақстан-Корея бизнес форумына екі елдің 300-ден астам іскері қатысады. Шара аясында цифрландыру, медицина және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобалардың көрмесі өтеді.
sputniknews.kz