Өңірлік саясатта 30 жыл бойы қабылданған ең дұрыс шешім – елорданы көшіру
Өңірлік саясатта 30 жыл бойы қабылданған дұрыс шешімдердің бірі – елорданы көшіру, деп хабарлайды kznews.kz сайты Берік Әбдіғалиұлы атты Facebook қолданушысының жазбасына сілтеме жасап.
Бұдан Алматының ұтылғанынан, ұтқаны көп. Алайда бұл ретте облыстар мен аудандардың таратылуы үлкен қателік болғанын мойындау керек. Әсіресе, бұрынғы аудан, облыс орталықтары, әсіресе Арқалық қаласы (Торғай облысы), Жезқазған қаласы (Жезқазған облысы) және Семей қаласы (Семей облысы) зардап шекті.