«Жүрегім тас әрі қола»: Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

0
301

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты көпті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі бүгінде жүрегі «тас» болып қалғанын айтып, тағы да тұрмысқа шығу жайлы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өзінің жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол басынан өткен жайттан кейін қатты қиналғанын меңзеді. «Дәл қазір жүрегім қола әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін», — деп жауап берді әртіс. Алайда, жалғызбасты ана біреуге тағы да ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады. «Енді ессіз ғашық болмаймын демедім», — деп жазды өнер иесі. Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова жол апатына түскенін хабарлаған болатын. Эстрада жұлдызының айтуынша, бұрынғы жолдасы өзі тарту еткен көлікті тартып алып, жол апатынан кейін оны жөндету үшін одан бес млн теңге ақша талап еткен.