Он үш жасар жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды
Өрт шыққан кезде үйден ата-ана болмаған.
Шымкенттегі Абай ауданы Құрсай шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, үй ішінде қалған екі баланы он үштегі жасөспірім құтқарып қалған. Үйден өрт шыққанда үйде ата-анасы болмаған екен. Үш бала ғана болған. Бұл туралы Zakon.kz «Отырар» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түтіннен құтылып шыққан үлкені көмек сұрап көршілеріне жүгірген. 13 жастағы көршінің баласы өрт шыққан үйге тайсалмастан кіріп кетеді. Сөйтіп 2013 жылы туған қыз бала мен 2015 жылы туған ұл баланы өрттен аман алып шығып үлгереді. Өйткені лезде содан кейін ақ үйді тілсіз жау толық шарпып үлгереді. Батылдығы мен қайсардығының нәтижесінде 2005 жылы туған 13 жасар жасөспірім екі бірдей өмірді аман алып қалды.
«16-ақпан күні Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай шағынауданы, Жаңа талап көшесінде орналасқан времянкалардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар Шымкент қалалық ТЖД кезекші пультіне сағат 16:39 келіп түскен. №1 өрт сөндіру бөлімінің 14 адамынан құралған жеке құрам тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метр. Өрт толығымен сағат 18:30 сөндірілді», — деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz