Қазақстандық боксшылар Алматыда титулдық жекпе-жектерін өткізеді

0

Қазақстандық бокс мектебінің түлектері Айдос Ербосынұлы (10-0, 8КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) титулдық айқастарын өткізеді. Бокс кеші 24 наурыз күні Алматыда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қос боксшының мүддесін Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды. Спортшылардың ресми өкілдерінің айтуынша, Айдостың жекпе-жегінде WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдары сарапқа салынады, ал Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinental белдігіне таласады.

«Олардың қарсыластары әзірге белгісіз. Анығы, бокс кеші «Алматы Арена» мұз айдынында, Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылады», — делінген жазбада.



Дереккөз: prosports.kz/kz