«Өміріңіз сәтсіз болса, менің еш кінәм жоқ»: Бақаева көпшілікке жан айқайын жеткізді
Салтанат Бақаеваның хейтерлерге өкпесі қара қазандай. Бәріне себеп — әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазуға құмар жандар. Тұрмыстың ауырлығына әншілерді кінәлаған оқырмандар аяғы ауыр актрисаның көңілін түсірген. Бақаева көпшілікке жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды kz.news.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.
«Негативке толы өмір! Ол қандай екен? Бұл сұрақтың жауабын мен білгім келмейді! Және бұл менің таңдауым! Мен позитивті көңілде өмір сүргім келеді. Және жаныма жағымсыз әсер ететін дүниеден барынша өзімді алшақтау ұстаймын. Сіздерге де соны тілеймін!
Соңғы постымда өте көп жағымсыз пікірлір жазылыпты. Бәлкім мен жүкті болмасам мән бермейтін едім, бірақ дәл қазіргі сәтте мен әр айтылған сөзді жүрегіме жақын қабылдаймын! Жүрегім ауырып, тіпті жылап аламын.
Неге сіздер өміріңіздегі сәтсіздіктердің себепкерін басқа жақтан іздейсіздер? Мен әнші болып, бизнесмен дереу бай бизнесмен болып туылған жоқ! Бәріміз осы жолға, хәлге жеткенге шейін қиналдық, еңбектендік. Ең бастысы өмірімізді өзгертуден қорықпадық!
Өміріңізде бірдеңе ұнамаса, оны өзгертетіндей батыл болыңыз. Өзгерістен қорықпаған адам ғана шынайы жетістікке жетеді! Өз өміріңізге ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ алыңыз! Әрине ең оңайы біреуге бар кінәні жаба салу! Енем кінәлі, мама дұрыс тәрбие бермеді, мұғалімім көп ұрысты, әншілер көп мақтанады деген сияқты!
Бірақ бұның бәрі СЫЛТАУ! Адам өзін, өмірін өзгертем деген шешім қабылдаса, міндетті түрде сол мақсатына жетеді! Неге олай істемейміз? Өйткені ерінеміз, ойланғымыз келмейді, қиындықтан қорқамыз.
Сол үшін айтарым, өміріңіздің сәтсіз болғанына дәл менің еш кінәм жоқ! Бекерге жағымсыз дүние жазып, көңілімді түсірмеңіздер! Ұнамаймын ба, отписка жасап кете беруіңізді сұраймын», — деп жазба қалдырды Салтанат Instagram-дағы парақшасында.