Қазақстанда «Елбасы» есімді қанша адам тұратыны анықталды

0

Бүгінде Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Хабар 24» телеарнасы.

Ал Нұрсұлтан есімді ерлер саны — 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

«Ұлттық статистика бюросы есімдерге байланысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан есімдері кездеседі», — дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алдоңғарқызы.