Өмір туралы өсиет әңгіме
Жақсы мансапқа қолдары жеткен беделді жоғарғы оқу орнының түлектері бұрынғы профессорларына қонаққа келді. Әңгіме барысында жұмыс жайлы сөз қозғалды. Сонда түлектер көптеген қиындықтар мен өмірлік мәселелеріне шағымдана бастады.
Профессор қонақтарына кофе ұсынып, ас үйден шәйнек пен әртүрлі кесе алып келді: фарфор, шыны, пластик, хрустальдан жасалған. Бірі қарапайым болса, бірі қымбат еді.
Түлектер кеселерін таңдап алғанда, профессор былай деді:
— Әдемі кеселерді таңдап, ал қарапайым, арзан кеселер орнында қалғанына назар аударыңдар. Өзіне ең жақсысын таңдау – қалыпты жағдай, бірақ сендердің проблемаларың мен күйзелістеріңнің себебі осында. Кесенің әдемі болу-болмауы кофенің дәміне әсер етпейді. Шын мәнінде сіздерге кесе емес, кофе керек емес пе? Бірақ сендер саналы түрде ең жақсы кесені таңдап, кімге қандай кесе түскенін байқап қарадыңдар.
Ал енді ойланыңдар: өмір – кофе, ал ақша, жұмыс, абырой, қоғам – кеселер. Олар тек өмір сүру үшін қажет құралдар. Қандай кесең бар екені өміріміздің сапасын анықтап, өзгерте алмайды. Кейде кесені ойлаймын деп, кофенің дәміне мән бермей, ләззатынан құр қаламыз.
Бақытты адамдар – ең үздік дүниенің иелері емес, барынан ең үздігін таба білетін жандар.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz