21, 22 желтоқсанға ауа райы болжамы

0

Синоптиктер еліміздің кей өңірлерінде 38 градусқа дейін аяз болатынын ескертті

Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«21, 22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде ауа температурасы 30-33 градус, Қарағанды облысында 32-35 градус, Шығыс Қазақстан облысында 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжануда», — деп жазылған хабарламада.

Синоптиктер Астана қаласында 21, 22 желтоқсанда түнде 30-32 градус аяз болады деп болжап отыр.

Айта кетейік,  21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таулы аудандарда баяу бұрқасын соғып, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз