Олимпиада чемпионы қатерлі ісікке шалдықты

0
78
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

283 0 0

Танымал спортшы қазір емделіп жатыр, ол көп ұзамай спортқа оралып, Токио Олимпиадасына дайындалуды көздеп отыр

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Жүзуден бес дүркін Олимпиада чемпионы Натан Эдриан қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Америкалық спортшының айтуынша, дәрігерлер бірнеше тексерістен кейін аталық безінің қатерлі ісігін анықтаған. Эдрианның сөзінше, сырқаты дер кезінде белгілі болып, ол қазір ем алып жатыр. Дәрігерлер спортшы сауығып кетеді деген болжам жасап отыр екен.

«Алдағы уақытта мен спортқа оралып, Токио Олимпиадасына дайындалуды жалғастырамын», — деді спортшы.

Эдриан бес рет Олимпиада чемпионы болды. Бір алтын медальді 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда екі медаль, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода тағы екі медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, оның қоржынында олимпиаданың бір күмісі пен 2 қола алқасы бар. Әлем чемпионаттарында Эдриан сегіз рет жеңіске жеткен.

Олимпиада чемпионын бапкері төрт жыл бойы зорлап келген


Дереккөз: https://sputniknews.kz/