Елімізде кәсіпкерлерді тексерудің жаңа форматы енгізілді

0

Енді ішінара тексерулердің орнына «алдын ала бақылау» жүйесі енгізіледі.

Елімізде кәсіпкерлерді тексерудің жаңа форматы енгізілді Астана Ақшамы Бұдан былай Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнес өкілдерін рұқсатсыз тексерген құзырлы органдарды жазалайтын болады. Ведомство белгіленген талаптарды бұзған мемлекеттік ұйымдарға үлкен көлемде айыппұл салады. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл – бизнес өкілдерінің жұмысын жандандыруға бағытталған шара. Өзгеше айтқанда, енді ішінара тексерулердің орнына «алдын ала бақылау» жүйесі енгізіледі. Мамандар шағын және орта бизнеспен айналысып жүргендерді жазалауды емес, олардың қызметін алдын ала бақылап, заң талаптарының бұзылмауын қамтамасыз етпек.

Асланбек Жақыпов, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры: — Қазір елімізде 1 млн 200 мыңнан аса кәсіпкер бар. Олардың дені шағын және орта бизнеспен айналысатындар. Жеке кәсібін ашып жатқандардың саны жыл сайын көбеюде. Бұған тиімді жүзеге асып жатқан реформалар септесті деп ойлаймын. Соңғы 10 жылдағы деректерді салыстыратын болсақ, 2008 жылы елімізде небәрі 800 мың кәсіпкер болған. Оларға тағайындалған тексеріс саны 400 мыңнан асып жығылады. Ал 2018 жылы кәсіпкерлердің саны 1 млн 200 мыңнан асты. Былтыр олардың қызметін қадағалау мақсатында бар болғаны 81 мың тексеріс ұйымдастырылды.

Осы ретте мамандар қоғамдық орындарда темекі тарту мәселесін де сөз етті. Айтуларынша, қазір арнайы құрылған топ бұл ұсынысты өзара талқылап жатыр. Бастысы, кәсіпкерлердің құқығы тапталмауы қажет. Олар көптеген орында шылым шегуге шектеу қойылса, мейрамхана иелері шығынға белшесінен батады деп отыр. Сондықтан бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайтындығын айтады.

Гүлнар Құрбанбаева, «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ҚБ вице-президенті: — Арнайы құрылған топ барлық тараптың ұсыныс-тілектерін ескереді. Аталған заң жобасын бекітпес бұрын мәселені егжей-тегжейлі зерттеуіміз қажет. Қоғамдық орындарда шылым шегу шектелсе, кәсіпкерлер шығынға батады. Ал ондай шектеу қойылмаса, өзге адамдардың денсаулығына зиян келеді. Сондықтан біз арнайы орындарды ғана таңдайтын шығармыз. Бұл әлемде бар тәжірибе. Солардың үлгісін алу қажет болар.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/