«Ол кезде мен сияқты продюсер болған жоқ»: Баян Мақсатқызы алғаш сахнаға шыққан видеосын жариялады
Танымал продюсер Баян Алагөзова алғаш сахнаға ән айтып шыққан кезін еске алды. Үш қыздан құралған трио “Ойлайсың ба?” әнін жанды дауыста айтқан. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоға назар салсақ, сол жылдары еліміздегі ең танымал музыкалық жобалардың бірі – “Жас қанат” байқауы.
“1996 жыл, Бағым Мұхитдинова мен Меруерт Есен. Біз кереметпіз!”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап жатса, енді бірі мүлдем дауысы жоқ екенін айтып жатыр. “Бағым сіңліңіздің мүлдем даусы жоқ екен, неге музыкалық продюсер етіп алғансыз”, десе енді бірі “әндеріңізге би жетіспей тұр, өзіңіз құрған “Кешью” тобының қыздары сияқты билемейсіз бе” деген сұрағына, продюсер: “Ол кезде мен сияқты продюсер болған жоқ” деп жауап берді.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы алғаш сахнаға ән айтып шыққан болатын. 2006 жылы Баян Есентаева КешYOU тобының продюсері атанды. Кейін соған ұқсас басқа да жобаларды қолға алды. 2010 жылы Shine Production компаниясы «Ғашық жүрек» фильмін түсіріп, продюсердің өзі басты рөлдердің бірін ойнады.
2011 жылы бұл фильмнің жалғасы түсірілді — «Ғашық жүрек 2». Халық жылы қабылдады.
2017 жылы 25 желтоқсанда Баян продюсерлік еткен «Баян сұлу» телехикаясы жарық көрді. Бірақ бұл жұмысы сәтсіздікке ұшырап, басы дауға қалды. Жұрт «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясын ұлттық арнаның эфирінен алып тастауды талап етті. Qazaqstan телеарнасының басшылығы телехикаяны эфирге енді шығармауға уәде беруге мәжбүр болғаны ел есінде.