«Ол — ауру адам. Мен араласпаймын»: Құралай Нұрқаділова «лесби» қызы туралы

0
3430
Advertisement

Танымал дизайнер әрі бүгінде психолог ретінде халық арасында еңбек етіп жүрген Құралай Нұрқаділованы халық жан-жақтан сұрақтың астына алуда. Желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирде ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тәрбие, реніш жайлы психологиялық кеңес айтқан Нұрқаділованы көпшілік үйіңдегі қызыңа айт бұл ақылды деп сынаған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары дизайнерге ауыр сөздер жазып, тіпті оның дұрыс ана болғанына күмәндана сөйледі. Халыққа өз ашуы мен эмоциясын ұстауды үйретіп жүрген Нұрқаділова тыңдарманының сұрағына ашық жауап берді.

Нұрбибі Нұрқаділова сіздің қызыңыз ба әлде немере сіңіліңіз бе? Оның Лесби екенін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл масқара, мына сабағыңызды одан да сол қызға оқыңыз деп сұрақ қойған желі қолданушысы.

«Ол – ауру адам. Мен араласпаймын. Сіз өзіңіз не Қазақстандағы барлық адаммен аралас-құралассыз ба?» — деп жазған Құралай Нұрқаділова.

Ал басқа желі қолданушылары психолог Құралай Нұрқаділованың оқыған лекциясынан өте пайдалы кеңестер алғанын, сондай-ақ дизайнердің үлгілі әрі ақылды әйел екенін жазған.

Бұған дейін Нұрбибі Нұрқаділова журналистерге берген сұхбатында, желідегі парақшасында өзінің әйел кісіге өлердей ғашық екенін, онымен бірнеше жылдан бері бірге тұратынын ашық айтты.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз