«OI-QARAGAI» ҚЫСҚЫ МАУСЫМДЫ АШАДЫ
Алматы қаласында Oi-Qaragai тау шаңғы саябағында бүкіл шаңғы тебу алаңын ашу үшін ауа райының барлық жағдайы қалыптасты.
3 желтоқсанда Oi-Qaragai отбасылық курорты 2022/2023 тау шаңғы маусымын ресми түрде ашады.
Жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 тау шаңғы және шана-баллон трассалары көптен күткен қонақтарын «Бірге болу бақыты!» үлкен отбасылық фестивалімен қарсы алады.
«2022 жылы біз Курорттың инфрақұрылымын жақсарту және дамыту бойынша жұмысты жалғастырдық, — деді коммерциялық директор Мария Азизова, — тау шаңғы және сноуборд әуесқойлары үшін үш қиындық деңгейіндегі 20 тау шаңғы трассасы дайындалды, жалға алу орындары кеңейтілді және тау шаңғы жабдықтарының түржинағы жаңартылды. Жақын арада Курорттың ең биік нүктесінде – теңіз деңгейінен 1820 метр биіктікте орналасқан қаланың панорамалық көрінісі бар «Eighteen-Twenty 1820» мейрамханасы өзінің алғашқы Қонақтарын қарсы алады.
3 және 4 желтоқсанда алматылықтар мен Оңтүстік астана қонақтары үшін тау шаңғы маусымының ресми ашылуына арналған үлкен отбасылық фестиваль өтеді. Салтанатты ашылу бағдарламасына шоу-бағдарлама, кәсіпқойларға арналған жарыстар мен отбасылық сөрелер, Курорт нұсқаушыларының көрнекі өнер көрсетуі, Қонақтарға арналған конкурстар мен сыйлықтар және басқа да тау шаңғымен ойын-сауықтары кіреді. Шаңғы тебуден кейін қонақтар Курорт аумағында орналасқан қонақүйлерде, мейрамханаларда және этно-SPA-да демала алады.
Mountain Resort «Oi-Qaragai» — бұл Еуразияның орталығында орналасқан, Тянь-Шань тау етегінің тың табиғатымен қоршалған, шынайы қызметі, еуразиялық мәдениеті бар, тұру мен салауатты тамақтанудың жайлы жағдайлары жасалған белсенді демалыста барлық Қонақтарға жақындарымен, серіктестерімен, әріптестерімен қосылуға мүмкіндік беретін барлық маусымдық отбасылық тау курорты.
Mountain Resort «Oi-Qaragai» бірегей инфрақұрылымы Орталық Азияда, ал кейбіреулерінің тіпті Әлемде теңдесі жоқ тұру, тамақтану және демалыс объектілерімен ұсынылған. Әлемдегі ең үздік 10 эко-қонақүйдің рейтингіне кіретін «Ағаштардағы ауылы», Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең үлкен киіз үй, бірегей троллей саябағы, табиғи тау бедеріндегі өрмелеу қабырғасы, қазақтың дәстүрлі киіз үйлерінде орналасқан «UMAI» этно-спа және тағы басқалары «Oi-Qaragai» курортын Қонақтың табиғатпен бірігіп, қайнар көзіне қайта оралуы үшін барлық жағдай жасалған жалғыз орынға айналдырады.
Курорттың аумағында жыл бойы жұмыс істейтіндер:
- тұрудың 7 түрі — бизнес-класстан бірегей тұру түрлеріне дейінгі
- 6 мейрамхана, кафе мен бистро
- 20-дан астам белсенділік
«Oi-Qaragai» тау шаңғы саябағы сандармен:
- 22 шақырым трассалар.
- 11 көтергіш (соның ішінде 3 арқан-кресло көтергіші).
- Жаттығу беткейлерінен экстремалды беткейлеріне дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі 20 трасса.
- Трассалардың 70% – көгілдір түсті – экстремалды аймақтары жоқ жайлы шаңғы тебуге арналған.
- Ілмекті көтергіштермен жабдықталған 4 шана-баллон трассасы.
- Тау шаңғы мектебінің 3 пункті, 50-ден астам нұсқаушы.
- Биіктіктер теңіз деңгейінен 1550 м-ден 1821 м-ге дейін өзгереді.
- 105 га – 2021-2022 маусымындағы курорттың ауданы.
- Алматыдан 40 минуттық жерде Қонақ шаңғыда.
- 6 жалға алу орнында 400-ден астам тау шаңғы жабдықтарының жиынтығы.