Өгей қызын өлтірген қоғам қайраткері 20 жылға сотталды

0

Жеті жасар Карина Закураеваның өгей шешесі Балжан Тұрлыбек қыздың  өліміне кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.

Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») бойынша сотталды.

Талқылау барысында мемлекеттік айыптаушы қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбекті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бері Балжан Тұрлыбек бірінші некесінен кішкентай қызы бар азаматпен бірге тұрады. Қыз бала қуығы ұстамайтын аурумен ауырған.

2023 жылдың жазында сотталушы баланың бұтына жіберіп қойған жағымсыз иісін сезіп, ашуланған. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол өгей қызының мойнынан ұстап, басынан ұра бастаған, содан кейін оны жуынатын бөлмеге сүйреп апарған, сонда ол басын ваннаның шетіне қатты соққан. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.