Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен кетті

0

Данияр Қадыров Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.