Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті
Палата қарауына Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы ұсынылды.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Палата қарауына Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы ұсынылды.
Келісім екі мемлекет арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, олардың мұнай-газ саласындағы, мұнай-газ-химия және электр энергетикасындағы ынтымақтастығын ынталандыруға, мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу үшін Өзбекстан Республикасына шикі мұнай беруді ұлғайтуға, сондай-ақ, еліміздің оңтүстігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен жабдықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, Мәжілісмемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар әзірлегензаң жобасын бірінші оқылымда қарамақ.
Бюро отырысында Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер Имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында қарау жоспарланды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz