«Ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой»

0

Қазақстан Ұлттық құрамасының және қарағандылық «Шахтер» командасының қақпашысы Игорь Щацкий Молдовамен өткен ойыннан (1:0) кейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің сауалдарына жауап берді.

– Өте жауапты матч болды. Өйткені, көптеген футболшылар қысқа мерзім ішінде жиналып, алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Жігіттер ойынға дұрыстап дайындалды. Жаңа бапкерге жақсы қырларын көрсетуге ұмтылды. Жақсы ойын болды деп ойлаймын.

– Молдова құрамасы лайықты қарсылық білдірді. Қарсыластың ойынына баға беріп өтсеңіз…

– Қарсыласымыздың ойынын да атап өткен жөн. Екі жақ та допқа жақсы талас жүргізді. Алайда, біз гол соғып, жеңіске жеттік.

 Қарсыластың сапынан кімді атап өтесіз?

 Молдова құрамасының командалық ойынын айтар едім. Олар бір-бірімен жақсы түсінісіп ойнады.

– Ойынға қандай жоспар қойылды және қаншалықты орындалды?

– Жасыл алаңда жылдам қимылдап, ашық аймақтардың барлығын жабу қажет болды. Қарсыластың жарты алаңында ашық кеңістік іздеуді тапсырды. Бапкердің айтқанын орындадық деп есептеймін.

 Ұлттық құрамада алғашқы ойыныңызды өткіздіңіз. Қандай баға бересіз?

– Қазақстан Ұлттық құрамасының намысын қорғау – үлкен абырой. Еліміздің бас командасының жейдесін киіп, алаңға шыққаныма қуаныштымын. Жаттықтырушылар штабына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.



Дереккөз: prosports.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз