Нығматулин де шығарылды
Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» саяси партиясының құрамынан шығарылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII съезінде белгілі болды.
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның билеуші партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылып, оның құрамына премьер-министр Әлихан Смайылов қосылды.
Сондай-ақ, Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің партия қатарынан шығарылғаны хабарланды. Ол тергеуде.
Еске салсақ, 1 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс жариялаған болатын. Кейін экс-спикер Мәжіліс төрағасы қызметінен кету туралы пікірін білдірді.