Домой Басты тақырып Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атын өзгертуді қолдады

Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атын өзгертуді қолдады

0
6153

«Нұр Отан» партиясының атын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл ұсынысты партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

– Елімізде болып жатқан өзгерістердің бел ортасында біздің партия тұр. Ашығын айтқанда, партия елмен бірге жаңаруы керек. Ұйымның қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін қажетті өзгерістер енгізу керек. Сондықтан да партияны елмен бірге жаңартып отыру керек. Осыған байланысты партияның сипаты мен атауын өзгертуді дұрыс деп санаймыз. Қазақстанның билік басындағы партиясы ата-бабаларымызға тағзым ретінде «Аманат» деп аталу керек деп есептейміз. Біз партияның атын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отырмыз, – деді Қошанов.

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел президенті басқаруы керектігін қадап айтты. 28 қаңтарда Тоқаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияның атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.