“Нұрсұлтан” қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүрмін-Бекболат Тілеухан
Бүгінгі парламент палатасының отырысында Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazbrand.info.
Отырыс өтті. Екінші президент ан берді. Тіпті ол өзінің президент ретіндегі алғашқы ұсынысын да жасап үлгерді. Елордамыз Астана қаласының атауын Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің құрметіне “Нұрсұлтан” деп атауды ұсынды.
Ал, отырыстан шыққан шенеуніктердің аузын аңдып, ақпарат алуға жүгіріп жүрген журналистер көптеген депутаттар мен төрағалардан пікір алып жатыр.
Кезекті сұхбатында Бекболат Тілеухан да журналистерге бір-екі ауыз сөзін де жеткізіп қалды.
“Оны қайтесіңдер сұрап. Мен өнер адамы болғандықтан маған Елбасы да, Елорда да өте ыстық. “Нұрсұлтан” қаласының тұрғыны ретінде сезініп жүремін өзімді әрқашан. Бұл тарихи шешім. Ал, Тоқаевқа келетін болса, ол кісіні жақсы қырынан танып жүрміз. Нұрсұлтандай елбасымыздың нұрлы жолын жалғап жүріп кетеді деген сенімдеміз”-деді мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мырза.