«Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам»: Мәсімов Тұңғыш Президент жайлы кітап шығарады – Қазақстан жаңалықтары

0
215

ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов Парламент отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жазатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Карим Масимов «Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам. Ол туралы «Елбасы көмекшісінің көзімен» деген кітап жазамын, — деді Мәсімов. Оның сөзінше, кітап қызықты болады. «Беттері «жабық» қызықты кітап болады», — деді ҰҚК басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалды. Ол 2003-2006 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары, 2014-2016 жылдары екі рет елдің премьер-министрі болған. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің жетекшісі атанған. Мәсімов өзінің президенттің көмекшісі екенін бірнеше рет айтқан.

stan.kz