Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен кездескен жоқ — Айдос Үкібай
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы тараған түрлі ақпараттарға ресми жауап берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті. «Нұрсұлтан Назарбаев демалысын Түркияда, туған-туыстары мен жақындарының жанында өткізіп, елге оралды. Аноним ақпарат көздерінің әртүрлі алып-қашпа әңгімелеріне қарамастан Тұңғыш Президент ешқандай шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген жоқ», — деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.