Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық қаһарманы атанды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Сонымен қатар, Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын Жұлдыз» орденін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Қазақстан президенті ретіндегі шешіміммен тұңғыш президент – Елбасыға «Алтын Жұлдыз» ерекше айрықшылық белгісін тапсырып, ел дамуына сіңірген еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағын беремін», — деді Тоқаев.
Осыдан кейін ол Назарбаевтың кеудесіне «Алтын Жұлдызды» тақты.
Сонымен қатар, Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды және тұңғыш президентке ескерткіш салуды ұсынды.



sputniknews.kz