Назарбаевқа монумент тұрғызып, Халық қаһарманы атағын беру ұсынылды

0
106

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Елордада Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші салынуы мүмкін

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне жаңа монумент салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, Елбасы мұндай құрметке лайықты.

«Еліміздің астанасында Қазақстанның тұңғыш президентінің құрметіне монумент салуды ұсынамын», – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ жаңа президент барлық облыс орталықтарындағы орталық көшелерді Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау қажет деп санайтынын айтты.

«Менің ойымша, барлығы келіседі. Себебі, елбасы мемлекетіміздегі жоғары Халық қаһарманы мен Еңбек ері атақтарына деген құрметке лайықты».



sputniknews.kz