Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Назарбаев пен Путин гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев, Путин мен Трамптың видеолары желіде қызу талқыланды

Сондай-ақ Елбасы мен Владимир Путин гуманитарлық саладағы диалогты әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Соның аясында биыл қыркүйек айында Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері өтпек.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

 



sputniknews.kz