Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 19:20 214

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз