Қырғызстанда жүздеген сотталушы түрмеден босайды

0
62

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанда жаңа бес кодекс пен екі заң күшіне енеді. Бұл норматиктік құжаттар қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, 470 сотталушының бостандыққа шығуына жол ашады. Бұл жайында Қырғызстанның жазаны орындау мемлекеттік қызметінің басшысы Таалайбек Жапаров мәлімдеді.

«Сонымен бірге, жаза мерзімдері қысқарады. Қазір жаңа құжаттар дайындалып жатыр, жаңа жылдық мерекеден кейін сот орындарына жіберіледі. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер сотталушылардың ісін зерттегеннен кейін, оларды түрмеден тыс жерде түзету шараларын ұсынып, сотқа жүгінуге болады. Қауіпті емес қылмыскерлерді түрмеде ұстамайды, олармен арнайы мамандар жұмыс істейді» деді Жапаров.

Жаңа жылдан бастап күшіне енетін жаңа қылмыстық кодекске сәйкес, Қырғызстанда жаңада институттар құрылады. Олардың ішінде бірыңғай тізілім, тергеу судьясы, сандық тергеу кабинеті мен сот залдары және пробация қызметі бар.

Дереккөз: Азаттық