Нұрсұлтан Назарбаев кімдерге зор құрметпен қарайтынын айтты

0
31

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев көмір өндірісінің индустрияны дамытудағы маңызын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеншілерді кәсіби мерекеме құттықтады.

Құттықтау Елбасының ресми сайтында жарияланды.

«Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді Шахтер күнімен құттықтаймын. Мен кеншілерге әрдайым зор құрметпен қараймын, өйткені шахтер еңбегінің бейнеті маған жақсы таныс. Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер», – делінген құттықтауда.

Назарбаев көмір өндірісі біздің индустриямыздың берік негізі екенін нық сеніммен айтуға болатынын атап өткен.

«Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады. Алдағы уақытта да отандық экономиканың тиімді өркендеуіне және елдің энергетикалық әлеуетінің нығаюына атсалыса  бересіздер деп кәміл сенемін», – дейді ол.

Назарбаев кеншілерге мықты денсаулық, табыс пен игілік, отбасыларына бақ-береке тіледі.



sputniknews.kz