Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

0

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар таратуда. Ақпаратты әуежайдың баспасөз қызметі растады.

StopFake.kz жазуынша, қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға «тоқта» сигналдары жіберілгендігі туралы ақпарат таратуда. Бұл мәліметке қатысты әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ», – деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.