Нұрсұлтан Назарбаев биыл Қазақстанда болған басты оқиғаларды атады
Фото: Ақорда
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Биыл 17 қаңтарда АҚШ президентімен кездесіп, келіссөздер жүргізілді. Одан кейін Астанада Орталық Азия басшылары кездесті. Бұл мен үшін өте маңызды шара еді. Кездесу барысында жыл сайын кездесіп тұру туралы шешімге келдік. Кейін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-съезі болды. Бұл Қазақстанда ғана өтетінін білесіздер. 7-съез де Қазақстанда болады деп шешілді. Сондай-ақ, биыл Бесінші Каспий саммиті өтті», — деді Елбасы.
Бес мемлекет көшбасшыларының бәтуаластық және барлық тараптардың мүдделерін өзара есепке алу негізінде тұжырымдалған базалық халықаралық шартқа – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюы жоғары деңгейдегі кездесудің басты оқиғасы болды.
«Біздің экономика көрсеткіші 4% жоғары болды, бұл әлемдік экономикадан жоғары көрсеткіш. Біздің үкімет, аймақтар және жергілікті билік қолдан келгеннің бәрін істеді. Жалпы алғанда еліміз толқынды теңізде дұрыс бағытта кетіп барады», — деді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ