Қазір дін саясатқа айналып кетті

0
Саясат

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Мемлекет басшысы соңғы кезде террористердің барлығы мұсылмандар деген жаңсақ пікір қалыптасып келе жатқанына назар аударды

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде террористердің барлығы мұсылмандар деген ой қалыптасып келе жатқаны үшін алаңдайтынын білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы елордада дін тақырыбында съезд өткізудің әлем халқы үшін де, Қазақстан үшін де қаншалықты тиімді екеніне тоқталды. Бұл туралы президент жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Президент Қазақстанда түрлі ұлт өкілі тұратындықтан, қай дінге болсын сыйластық танытудың маңызды екенін айтады. Соңғы 15 жыл ішінде Астанада әлемдегі діни ахуал тақырыбына арналған жиындардың жиі өтуі де осымен байланысты.

«Әртүрлі этнос өкілі елімізде ұрыспай-таласпай тұрып жатыр. Бұған елдің бәрі таңғалады. Екіншіден, олар бізге қарап үйренеді. Басқосу мәселелерін талқылайтын халықтар ассамблеясы да бар. Қазір дін саясатқа айналып кетті. Діннің атын жамылып соғысып, қан төгіп жатыр. Террористердің барлығы мұсылмандар деген жаңсақ пікір қалыптасты. Сол себепті менің тапсырмаммен ұран тастап, алтыншы съезді өткізген едік», — дейді Елбасы.

Әрі қарай Нұрсұлтан Назарбаев әдетте бір-бірінің жанынан өте шығатын әртүрлі дін өкілдерінің осы елордадағы жиын кезінде амандық сұрасатынына қуанатынын айтып өтті.

«Барлығы жүретін жолымыз әртүрлі, бірақ Құдай бір деп айтады. Сол себепті алтыншы съезде өзімізді де қобалжытып тұрған мәселені шешу үшін үлесімізді қосуды жөн көрдік. Қалай десек те, олардың бір дөңгелек үстел басында жиналғаны Қазақстан үшін мәртебе деп ойлаймын. Олар басқа жерге бара алмайды», — деп түйіндеді президент.

Тағы оқыңыз:

Мұнымен қатар, Елбасы әртүрлі дін өкілінің басқа жерде бас қоспауына Қазақстанның бейбітсүйгіш мемлекет болғаны әсер етіп отырғанына назар аударды. Ол барлық уақытта кез келген мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатудың маңызды екенін айтты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/