Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Елбасының ойынша, бүгінде құрлықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта пысықтаудың кезі келді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия құрлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тың жолын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасының ойынша, бүгінде құрлықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта пысықтаудың кезі келді. Осы орайда Еуразиялық қауіпсіздіктің толыққанды моделін құру қажет. Оны Еуропа мен Азияның аймақтық модельдері негізінде жасауға болады.

Тағы оқыңыз: «Дағдарыс болуы мүмкін»: Назарбаев неге алаңдап жүргенін айтты

«2020 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана декларациясына 10 жыл толады. Осы құжатта да Еуразиялық және Еуроатлантикалық қауіпсіздіктің ортақ қауымдастығын құру жайында айтылған болатын. Бұны Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы іске асыруға болады. Осы екі халықарлық ұйым біріксе, Еуразияның жаһандық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еді. Бүгінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрамына Азияның 27 мемлекеті кіреді», — деді Назарбаев «Astana club» саяси форумының пленарлық мәжілісінде.

Оның айтуынша, Astana club-қа кіретін сарапшылардың 65 проценті осы идеяны қолдап отыр. Себебі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бірігіп жұмыс істесе, Еуразияның қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді шешуге болады.

«Енді, осы мәселені талқылаудың келесі кезеңі — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары және дипломаттары арасында келіссөздер бастауды ұсынамын. Сол кезде Astana club алаңын пайдалануға болады. Осы келіссөздер бұдан да жоғары саяси диалогқа жол аша алады», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты



sputniknews.kz