Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурызда үлкен жиын өткізеді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1212/09/12120908.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20200205/12750173/Nursultan-Nazarbaev-18nauryz.html

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 18 наурызда үлкен жиын өткізеді, деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Партияның негізгі міндеттері талқыланады», — деді Үкібай.

Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс және саяси кеңес кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.



sputniknews.kz