Нұрлан Нығматуллин – кішкентай Назарбаев

0

Нұрлан Нығматуллин кішкентай Назарбаев образына әбден кіріп алыпты. Мәжіліске келген министр, вице-министрлерге жекіңкіреп, қалауынша тергейді, кез келген шаруаны шемішкеше шағатынын білдіріп, ұрсып-ұрсып алады, бірақ терең қазбайды.

Қазса бірдеңесі шығып кететінін біледі.

Мұнысы сенаттың тым сыпайы төрағасы қалпынан шыға алмай қалған ұзын бойлы кісіге қарағанда Нығматуллинді харизмасы зор, іскер басшы қылып көрсетеді. Көздерін ойната алмайды демесеңіз, сұқ саусағымен мұрнын көсіп өтіп, жиынды әрі қарай жалғастыра беретін әдеті де үлкен шалдан аумайды.

Депутаттарды жатқызып, тұрғызатын қарға бойлы диктаторға айналыпты. Өз образына өзі риза сияқты.

Әзірге құзыры мүмкіндігі шектеулі мәжіліспен тоқтап тұр. Енді бір-екі жылда басталатын нағыз транзит кезінде образдан шығып, шын күреске кірісуге дәті жете ме, әлде саяси конъюнктураға тез бейімделіп, басқа образға кірер ме екен?)

Асылхан Мамашұлы, Facebook парақшасынан