Домой Жаңалықтар Нұрлан Нығматулиннің қайда жүргені анықталды (видео)

Нұрлан Нығматулиннің қайда жүргені анықталды (видео)

0
1389

Бірнеше күн бұрын отандық БАҚ-та Мәжілістің бұрынғы спикері дүние-мүлкін сатып, отбасымен бірге шет елге аттанды деген ақпарат тараған еді. Ал бүгін Нұрлан Нығматулин қай жақта және не істеп жүргені туралы өзі айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Журналист Махамбет Әбжанның Telegram арнасында жарияланған видеода Нұрлан Нығматулин Англияда еместігін айтты.

«Бұл жерде Bigben мен Темзаны көріп тұрған жоқпын. Мұның бәрі өтірік. Сенбеңіздер! Мен қазір еліміздің астанасы — Нұр-Сұлтандамын. Сол себептен де осы жерде сізбен кездесіп қалып отырмын ғой», — деді кинотеатрға қарай бет алған Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ ол қазір немен шұғылданып жүргенін де айтып берді.

«Кейінгі жылдары бос уақытым болған жоқ. Ал қазір біршама кітап оқып, достарыммен кездесіп жүрмін. Жақында 10 жыл көріспеген кейбір сыныптастарыммен жолықтым. Отбасы, балалар, немерелерім бар. Бос уақытымда соларға көңіл бөлемін. Уақытың барда істейтін шаруа да болады», — деді Мәжілістің экс-спикері.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.