Нұрлан Нығматулин сенат пен мәжілістің бірлескен отырысын шақырды
Қысқа сілтеме алу
Өткен жолы парламенттің бірлеске отырысы 20 маусымда болған еді, енді алдағы жұма 28 маусымда өтпек
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 28 маусымда өтеді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тиісті өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — делінген мәжілістің сайтында жарияланған өкімде.
Бұдан бұрын сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 20 маусымда болған еді. Күн тәртібінде екі мәселе болды – елдегі конституциялық заңның сақталуы және 2018 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі.
Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдегендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы қайта қарап, адамның ар-намысына қол сұқпау және жекеменшік құқығы кепілдігін нығайту қажет.
Тағы оқыңыз: Президент сайлауы — 2019 туралы толық ақпарат
Сонымен бірге Мәми мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін айтты.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% дауысына ие болып, жеңіске жетті.
sputniknews.kz