Нұрлан имам Джо Байденнен шақырту алды

0

Имам Нұрлан Байжігітұлы Джо Байденнен дүниежүзілік асқа шақырту алды.  Бұл туралы Kznews.kz порталы хабарлайды Caravan.kz сілтеме жасап.

Блогер Әлия Жанәділова әлеуметтік желідегі парақшасында имам Нұрлан Байжігітұлына жолашар жасаған.

— Алланың қалауымен Нұрекең АҚШ президенті Джо Байденнің дүниежүзiлiк үлкен асына шақырту алып асыл жары Алтынай ханыммен Қазақ елінің атынан аттанғалы жатыр, жақсы жаңалықты естігеннен кейін Дидар Ақашұлы екеуміз ақылдаса отырып, қазақтың ең әдемі салт дәстүрі бойынша жақсы адамдардың бастарын қосып Нұрекең мен Алтынай ханымға сәтті сапар тілеп, ақ тілектерімізді айтайық деп жолашар ұйымдастырдық
Нұреке сіз барлық құрметке лайық жансыз өзіңізбен мақтанамыз өзіңізбен марқаямыз тек қана қазақ елінің емес, әлемнің жүрегінен орын таба білген жүзінен нұры төгіліп тұрған қарапайым да, кішіпейіл жансыз жолдарыңыз болсын сәтті сапар, деп жазды.