Нұрлан Еспанов: Ұлым өзге ұлттың қызын аламын деді, мен келісімімді бермедім — Қазақстан жаңалықтары
Нұрлан Еспанов келінінің қазақ ұлтына болғанын қалайды. Сол үшін ұлынының таңдауын қабыл алмаған. Әнші ұлының таңдауына түбегейлі қарсы ма? Бұл жайлы сұхбат барысында айтты.
Бұл туралы «Талантым-тағдырым» бағдарламасында айтылды.
Нұрлан Еспанов отбасы, достары, өнердегі жаңалықтары жайлы айтты.
Айтуынша, әншінің қонақ күтетін жағдайы жоқ. Демалыстарға шықса да, өзі үшін өзі емес, достары ақша төлейді екен.
«Менің достарым көп. Олар маған қанша рет тегін демалыс жасап берді. Мен олардың тойында әншілерді шақырып, қарызымды қайтарамын. Басқа жол жоқ. Мен қонақ күту үшін бай болғым келеді. Себебі қонақ күтуге жағдайым жетпейді. Ертең той жасайтын болсам да, достарыма сенемін. Құдайға шүкір өнерден бөлек өмірде де достарым көп», — деді Еспанов.
Әнші жақында қызын құтты орнына қондырды. Енді ұлының кезегі. Айтуынша, ұлы Олжастың мінезі өзіне мүлде ұқсамайды.
«Ұлым өте сабырлы бала. Мен сияқты емес. Аузынан сөзді сұрап аласың. Тура анасына аумай қалған. Өзге ұлттың қызымен көңіл қосқанын айтты. Мен келісімімді бермедім. Керек емес ондай жағдай болса. Ұлым ақылды. Бәрін ойланып шешеді деп ойлаймын. Егер жақсы көремін деп бой бермей жатса әрине көнеміз ғой, дегенмен ұлым ойланып шешім қабылдайды деп сенемін», — деді әнші.
Әнші ұлының қазақ қызымен бас қосқанын қалайды. Дегенмен ұлы қанда да бір нақты өз шешімін айтса, оған да келісетінін ашық айтты.
stan.kz