Еспанов: Адам әнші болу үшін алдымен түріне қарау керек — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Нұрлан Еспанов қазір жас әншілер туралы ойын айтты. Еспановтың айтуынша, әнші болу үшін де түр-келбетіңнің сұлу болғаны маңызды.

Бұл туралы

Бұл туралы «Талантым-тағдырым» бағдарламасында айтылды.

«Қазір сахнаға аяғын сүртпей кіріп кете беретін әншілер көбейді ғой. Әнші болудың, сахнаның да талаптары бар. Мәселен, әнші болғысы келетін адамның түрі болу керек қой. Адам алдымен түріне қарау керек. Мен жастар арасында да, орта буын арасында да абыройым бар деп есептеймін. Қаншама әнім хит болды. Оны абыройлы топтар орындады. Әлі де талай жоспарлар бар. Ән шығарамын, ән жазамын. Тойға шығамын. Тойдан түскен табысым отбасымды асырауға жетеді. Алайда қонақ күтуге жетпейді», — деді әнші. 

Еспанов бір кездері аспазшы боламын деп ойлаған. Әншілікке бет бұрмай тұрған шақты аспаз болудың қыр-сырын меңгергенін айтады. Тіпті, оқуын да оқыған екен. Дегенмен бала күнінен музыкаға бейім болғанын, соның әсерімен өнерге келгенін түсіндірді. 

Әншінің жары ауырып, бір жылдары экраннан көрінбей кеткен еді. Бүгінде көптің қолдауымен бәрі қалпына келген екен. 

«Әйелім ауырып, шетелге бардық. Достарым өздері хабарласып, көмегін бері жатты. Ақша жинап берді. Маған неге айтпадың деп ренжігендер болды. Мен ол кезде телефонымды сөндіріп, ешкіммен хабарласпай кеттім. Қазір бәрі жақсы, бәрі артта қалды», — дейді әнші. 


«Мен клоун емеспін»: Нұрлан Еспанов ашық сұхбат барысында көз жасына ерік берді

Нұрлан Еспанов: Ұлым өзге ұлттың қызын аламын деді, мен келісімімді бермедім


Айтуынша, екінші әйел алуға ниеті жоқ. Себебі әжесінің тәрбиесі солай.

«Әжем айтатын «бірінші әйел шекер, екінші әйел бекер, үшінші әйел кетер» деп. Әнші болған соң, серілік болады. Бір кездері әрі-бері жүрген кездер болды ғой. Бірақ қазір оның бәрін қойдық. Әжемнің айтқаны жүрегімде. Бізде сондай тәрбие», — деді әнші. 

stan.kz