Нұрболат Абдуллин қырғыз қыздарының жүрегін жаулауда (Видео)

0
2597

«Қазақстанда концерт залдарының ашылмауы себебінен, жақында концерт Бішкек қаласында өтеді. Көріскенше, Қырғызстан» деп екі апта бұрын инстаграм желісінде жазба қалдырған әнші қазақтарға ой тастаған болатын. Оқырмандар «қашан?», «қандай концерт» деген сұрақтың жауабын кеше алды.

Кеше Бішкек қаласының филармониясында қырғыздың танымал халық әртісі Бек Борбиевтің жеке концерті өтті. Кеш қонағы – Нұрболат Абдуллинді қырғыз халқы үлкен құрметпен қарсы алып, сахнадан жібергілері келмеді. Көптен бері көрермен лық толы концерт залында өнер көрсетпеген Нұрболат «Сіздердің қошеметтеріңізден кейін кеткім келмей тұр. Бішкекте концерт берсем, келесіздер ме? » деп сұрады. Халық улап-шулап, қуаныштарын білдірді.
Концерттен кейін көп қырғыз қыздар инстаграмдарына Нұрболаттың видеосын салып, «даусына ғашықпын», «әндерін сүйіп тыңдаймын, не деген харизма » деген жазбалар жариялауда.
Соған қарағанда жақында Бішкекте Нұрболаттың жеке концерті өтуі мүмкін.

Карантинге байланысты концерт залдарының жабық болуы көп әншілерге ұнамайтын сияқты. Бірақ, жақында той жасауға рұқсат берілді деген хабар олардың көңілдерін көтергені сөзсіз.