Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов жұмысын неден бастады

0

Алтай Көлгінов елорданың тыныс-тіршілігін жақсартуды қандай мәселеден бастайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Алтай Көлгінов астананы дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бес күн бұрын қызметіне кіріскен қала басшысы Қазақстанның бас шаһарын салу үшін қыруар жұмыс атқарылғанын, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Алтай Көлгінов көпбалалы аналарды жұмысқа тұрғызатынын айтты

«Бұл міндетті маған мемлекет басшысы тапсырды. Жұмысты бастап кеттік. Бүгіннен бастап жылыту маусымына дайындалуымыз керек. Қаланың өмірі үшін маңызды жылу электр станциясын атап өткен жөн. Мұндағы мәселе ЖЭС-ті кеңейтумен байланысты», – деді Алтай Көлгінов тілшілерге берген жауабында.

Сонымен қатар, елорда әкімі алдағы уақытта қандай мәселелерге назар аударатынын айтты.

«Электр желілері бойынша энергияны тиімді пайдалануды арттыру мәселесі тұр. Сондай-ақ, кәріз суағарларын тазалау орындарының жұмысымен таныстым. Оларды да кеңейту керек. Онсыз қаланың өмірі қиындау болады. Қаланың шетін аралап шықтым. Мұнда да инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет дейді», – дейді қала басшысы.

Тағы оқыңыз: Қазақстан президенті Алтай Көлгіновке бірқатар тапсырма берді



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз