Нұр-Сұлтандағы тағы 7 жаңа науқас: Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 44 адамға жетті

0

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқпасының тағы 7 жағдайы тіркелді.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Ресейлік азаматтың Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны айтылған еді.

stan.kz