Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді: бір әйел зардап шеккен
Қысқа сілтеме алу
Жиырмадан астам өрт сөндіруші бір жарым сағаттай тілсіз жаумен күресті
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Елордада екі қабатты жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Төтенше оқиға жексенбі күні кешкісін 19.21-де Сарыарқа ауданы Медеу көшесінде болды.
©
Photo : Комитет по ЧС МВД РК
23 өрт сөндіруші бір жарым сағаттай тілсіз жаумен күресті
Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы келіп жеткенде, жатақхананың шатыры лапылдап жанып, жалын ғимарат жанында салынған тұрғын үйді шарпи бастаған.
Өрт кезінде 1977 жылы туған әйел күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді.
Тағы оқыңыз: Қостанайда жолаушылар автобусы өртенді — видео
Өрт бір жарым сағаттан соң сөндірілген. Жалпы аумағы – 100 шаршы метр.
Қазір тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 23 адам мен алты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
sputniknews.kz