Нұр-Сұлтанда жаңа карантиндік шектеулер күшіне енді

0

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыда бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі, шеру, жиындар өткізуге тыйым салынған.

Тек Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан аспайтын шаралар өткізуге рұқсат етілген.

Ал Ashyq жобасына қатыспайтын объектілерді қоспағанда боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, бильярд, караоке, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, жабық ғимараттағы лотереялар, балалардың ойын орталықтары, ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, спорттық нысандардан тыс орналасқан мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынып отыр.

«Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақталсын. Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде 2 метрден кем емес сақтай отырып, жеке және топпен ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат берілсін» деп жазылған қаулыда.