Оралда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

0

Орал қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы қыз іздестіріліп жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Үстіне күлгін түсті пальто, аяғына ұзын қызыл-қара түсті кроссовка киген.

Қандай да болсын хабары бар адамдар Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шала алады: 8(7112) 92-18-04, 92-18-42.