Нұр-Сұлтанда жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

0
28
© Дәурен Ерболат

Елордада жаңа санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы және бас санитар дәрігер болып Сархат Бейсенова тағайындалды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметшісі растады.

Сархат Бейсенова 2020 жылғы мамырында декретке шыққанға дейін елорданың санитар дәрігері қызметін атқарды.

Осы күнге дейін оның орнында Жанна Пірәлиева қызмет атқарып келген, ол қазір эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарады.