Индонезия ұшақ теңізге құлады. Жолаушылар арасында 3 нәресте болған

0

Джакарта әуежайынан ұшқан Sriwijaya Air әуе компаниясының Boeing 737-500 ұшағы теңізге құлады.

Құтқарушылар кемесінің капитаны судан жолаушылардың денесі мен лайнердің сынықтары табылғанын мәлім етті.

Flightradar24 порталының мәліметінше, SJ182 рейсімен байланыс сағат 07:40 шамасында жоғалған. Бұл ұшақтың Джакарта әуежайынан ұшқан соң 4 минут өткен уақыт. Араға небәрі бір минут салып ол 10 мың фут төмен түскен.

Ұшақ Джакартадан Понтианакқа бара жатқан. Бортта 62 адам болған. Олардың жетеуі — бала және тағы үшеуі — нәресте.

Индонезия транспорт министрі ақпаратты растап, қайғылы оқиғаның Лаки аралына жақын жерде болғанын айтты.