Нұр-Сұлтанда үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды

0
0

Қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, 10 науқас Ақмола облысының тұрғыны

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған бес адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, қазіргі таңда ауруханаларда 493 науқас жатыр, оның 203-і коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 науқас Ақмола облысының тұрғындары.

«Сонымен қатар, бес науқастың жағдайы ауыр, үшеуі жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған», – деді Қисықова.

Оның атуынша, бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты.

Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6315 адам бақылаудан өтіп, емделген, оның 202-сі 18-ге толмаған балалар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз